Қызылорда облысында 2006 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 есе артық есірткі тәркіленді

"2006 жылы бірінші рет заңсыз есірткі айналымынан 203 кг 201 г есірткі заттары тәркіленді, ал алдыңғы жылғы көрсеткіш - 20 кг 125 г",- деп хабарлады Қызылорда облысының ІІД ЕКБ бастығы Айбек Мырзалиев.

А. Мырзалиевтің ақпараттарына сүйенсек, өткен жылы жалпы салмағы 1 кг 231 г героин тәркіленсе, 2005 жылы - 142,9 г героин тәркіленген.

Аймақта өткен жылы есірткіге қатысты 135 , 2005 жылы 119 қылмыс анықталған, яғни 13,5 пайызға артық. Есірткі сату дерегі бойынша 55 қылмыс ашылған. Есірткі сақтаушылардың 14-і қарасораны заңсыз еккендігі анықталып, екі контрабанда дерегінің жолы кесілген.

"Мак-2006" жедел - алдын-алу шарасын жүргізу барысында Қызылорда облысының аумағынан есірткіге қатысты 66 қылмыс анықталды. Заңсыз айналыман 70 келіден астам есірткі тәркіленді", - деді подполковник.

Жастар шоғырланатын орындарда есірткіге қатысты 12 құқық бұзушылық дерегі тіркелген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті