Қызылорда облысында ауыл әкімдігі онсызда тар мектепке көшіп келді

Аядай ғана ауыл мектебі. Үзілісте асыр салған оқушылармен қатар мұнда қабағы қатулы ересектер де қаптап жүр. Жоқ, бұлар мұғалімдер емес. Қызылорда облысы Төңкеріс ауылы әкімдігінің аппарат қызметкерлері.    

-Жұмысыңызды істей беріңіз .(күледі)

Әкімдік балалар жаттығатын денешынықтыру залына орналасыпты. Ал әкімнің өзі оқушылар киініп-шешінетін бөлмеде хатшы қызбен бірге жайғасқан.    

- Ғимарат жоқ бізде. Клубта отырғанбыз. Оны да бұзып тастады.

Осылайша, ауыл әкімі елді-мекенді білім ұясында отырып басқаруда. Тұрғындардың маңызды мәселелері де осы мектептің ішінде шешіледі екен. Мемлекеттік қызметкерлер мұнда мәдениет үйінен көшіп келіпті. Ауылдағы жалғыз клубтың төбесі ойылып ортасына түскен екен. Ал мектеп директорының бұл жағдайға көнбеске шарасы жоқ.     

-Ол кісілер маған дейін келісіп келген. Оларда басқа отыратын жер жоқ

Мектептің өз жағдайы да мәз емес. Балалардың отыратын орындықтары әбден ескіріп, тіпті, тақтасына дейін қабырғадан түсіп қалыпты.


-Тақтамыз төменде біздің....

Оқушылар сабақты таңертеңнен қара кешке дейін тізерлеп отырып жазады. Тек мұнымен мектеп директорының шаруасы жоқ сияқты. Ол «көршілерінің» жағдайын көбірек алаңдаудлы.

Әлия Нұрмағанбетова, Төңкеріс ауылы мектебінің директоры:

-Зияны жоқ оның! Олар уақытша өтініш айтып отыр. Олардың әлі ғимараты бітпей жатыр.

Бұл мектепте қызық жағдай көп боп тұр. Бірінші қабатқа әкім жайғасса, екіншісінде дүкен ашылған. Азық-түлік, кір езетін сулық дейсіз бе, бас жазардан басқасының бәрі бар. Тек мектеп ішіндегі дүкеннен мектеп директорының өзі бейхабар болып шықты.        

-Мен әлі ол туралы әлі ешнәрсе білмеймін нақты.

Оқушыларға әкіммен бірге тағы бір жыл отыра тұруға тура келеді. Өйткені, осыған дейін ауыл басшысы паналаған клубтың құрылысы тек келесі жылдың қараша айында ғана аяқталмақ.