Сайлауға 7 аудан мен Қызылорда қаласы және облыстық мәслихаттан 146 депутат қатысып, үш үміткерге дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Облыстық сайлау комиссиясының біріккен отырысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайруллаев санақ қорытындысын жариялады. Халық қалаулыларының басым дауысына Еламанов Бекмырза Қайыпұлы (120 дауыс) ие болса, өзге қос үміткер, атап айтқанда Әшім Оразбеков - 13, Серікбай Өмірзақов - 12 дауысқа ие болды.