Қызылорда облысында бір ауылдық мектеп өртеніп кетті

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, жартылай орта мектептің қамыстан салынған ғимараты толық өртеніп кетті. Өрт ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің күшімен 3 сағатта сөндірілді. Материалдық шығын көлемі есептелуде.