Қызылорда облысында болған жол көлік оқиғасының салдарынан 3 адам зардап шегіп, 1 адам қайтыс болды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында Шымкент - Самара тас жолының 309 шақырымында Сунақ ата елді мекенінің жанында 1 тамыз күні 08.00-де "Опель", КамАЗ және "МАН" көліктері бір-бірімен соқтығысқан.

Жол көлік оқиғасының нәтижесінде "Опель" көлігінің жолаушысы 34 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Жүргізушілер - 35, 24 және 34 жастағы ер адамдар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ТЖМ.