Қызылорда облысында боранда қалғандар тікұшақпен құтқарылып жатыр

Табиғат биыл тосын мінезін Сыр өңіріне мейлінше көрсетіп жатыр. Ақпаннан бері аймақтың оңтүстік бөлігін еріген тау суы әбігерген салса, солтүстігі бораннан көз ашпады. Облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта ақтүтек кесірінен 3 күннен бері Жезқазғанға бағыт тоқтаған. Содан бері 4 автобус бар жалпы саны 30-ға жуық көлік қарға кептеліп тұрыпты. Жолаушыларды құтқару үшін әуе техникасын да іске қосуға тура келді. 

Жолаушылардан өзге мұнымен бір аптадан бері іздеуде болған балықшылар да жеткізілді. Теккөлге шыққан азаматтар жанармайлары бітіп, жарты жолда қалған екен.

Сәкен Әлімханов, балықшы:

-Осы бүгін Төтенше жағдайлар қызметі келіп, құтқарып алып кетті. Жол ауыр, бензиніміз тауысылып қалды. Тамақ бәрі болды. Телкөл жүйесіне, ия, балық аулауға барып едік.

Жолда қалғандардың арасында қарттар мен балалар да бар. Сондықтан, зардап шеккендерге бірден көмек көрсету үшін 103 қызеті де жұмылдырылған.

Дана Бисенбаева, фельдшер:


-Үсігендер жоқ, бірақ ауырғандар, кіші балалар бар. Қысымы көтеріліп, шамалы суық ұстап қалған. Енді сондай науқастар.

Бірлі жарымы ғана болмаса, құтқарылған жолаушылардың дені көмектен бастартып, бірден барар жерлеріне керуді жөн көріпті. Жалпы жолда қалған 80 адам кеше құтқарылса, бүгінгі рейспен 5 балықшыдан өзге 29 кісі жеткізілген.

Мұрат Келесов, Қызылорда облыстық ТЖД бастығының орынбасары: 

-Біз кеше екі мәрте тікұшақпен шықтық. Сөйтіп, біріншісінде арасында 5 бала бар 47, кейін 33 адамды тағы жеткізді. Бүгінде 30 астамын әкелдік. Бірақ тікұшақтың күші жетпей жатқандықтан, өзіміздің техниканы қосып, автобуспенде жеткізіп жатырмыз.

Қазір де боранның беті қайта қоймағандықтан, облыстан жан жаққа қатынайтын жолдар бақылауға алынды. Сондай-ақ, қар басқан жолдар да шұғыл тазаланып жатыр. Әзірге, жолда қалған көліктердің қалай жеткізілері шешілген жоқ.