Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып Баймаханов Болатбек Бимендиұлы тағайындалды. Ол 1962 жылы туған. 1986 жылы Алматы мемлекеттік медициалық институтын, 2006 жылы - Қазақ экономикалық университетін бітірген, хирург және экономист мамандықтарын игерген.
Ал мәдениет басқармасының төрағасы болып Жүсіпов Берік Мырзалыұлы тағайындалды. Ол 1970 жылы туған. 1995 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірді.