Қызылорда облысында электр қуатының тарифтері көтерілді

"ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облыстық басқармасы облыстың 6 ауданындағы барлық электрмен қамтамасыз етуші ұйымдардың тарифтерді көтеру жөніндегі өтініштерін қарады. Жобада күтілген баға өсімі 38,6 - 54,6 % құрайды", - деп хабарлайды мекеме.

Өтініштерді қараған облыстық антимонополиялық мекеме кейбір аудандардағы электрмен қамтамасыз етуші ұйымдардың бағаларын 1,9 - 8% дейін өсіру мүмкіндігі бар деп тапты.

Басқарманың хабарлауынша, нарықтағы монополиялық ахуалдағы субьектілердің атап көрсеткен бағаны қымбаттатуға түрткі болған басты себеп - Жамбыл ГРЭС-і өндірген қуат бағасының қымбаттауы болмақ.

Қазіргі жағдаймен облыс бойынша ең қымбат электр қуаты Қармақшы ауданында тұтынылады, оған "Даулетэнерго" ЖШС қызмет көрсетеді. 1-желтоқсаннан бастап мұнда 1 кВт/сағ электр қуаты 67,04 теңге тұрады. Бағаның өсімі 4,2 % құрады. Ал ең арзан электр "Жаңақорған Жарығы" ЖШС қызмет көрсететін Жаңақорған ауданында. Бұл аудандағы баға 1 кВт/сағ 5,81 теңгеге бағаланады. Өсім 3,7% құрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті