Қызылорда облысында екі жүк көлігінің соғысуы салдарынан мұнай төгілді

Апат Қызылорда-Құмкөл автожолының 30-шақырымында 31-тамызда 12 сағат 30 минутта болған. 30 тонна мұнай тиеп келе жатқан "МАЗ" автокөлігі мен 16 тонна солярка тиеген "КамАЗ" автокөлігі соқтығысып қалды. Соның салдарынан "МАЗ" автокөлігі аударылып кетіп, одан 2-2,5 тонна мұнай төгілді. Жараланған МАЗ жүргізушісі ауруханаға түсті.

Агенттік ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға орнында "Транс Сервис" ЖШС-нің күшімен апат зардабын жою жұмыстары жүзеге асырылып, мұнай төгілген жер қоршалып, мұнай жиналып, пайдаға жаратылды.