Қызылорда облысында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы тағайындалды

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың бұйрығымен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып Ерлан Мұстафаев тағайындалды.

Е. Мұстафаев 2008 жылдың ақпан айынан бері Жаңақорған ауданының әкімі болған.