Қызылорда облысында киіктерді таптап өтпек болған 4 машинист ұсталды

Ғаламторға таралған бұл таспаны машинистің 30 жастағы көмекшісі түсірген. Оқиға Қызылорда облысында Сексеуіл және Қоскөл бекеттерінің аралығында болыпты. Қаптап өрген даланың ерке жануарлары теміржолдан асып өтпек болғанда, пойыз машинистерінің делебесі қозып, таптап өтуге әрекеттенген. Қайта, кенеттен кері бұрылған киіктер ажалдан аман қалды. Ал теміржолшылар енді үлкен көлемде айыппұл арқалауы мүмкін.

Loading...