Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шиелі ауданы, Досбол би ауылында 30-шілдеде аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 36 жастағы жігіт "кене шағу" деген диагнозбен жатқызылған. 3-шілдеде дәрігерлерлің кеңесі оған "конго-қырым қан безгегі" деген алдын-ала диагноз қойды. Науқастың халі өте ауыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті