Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегіне шалдықты деген күдікпен бір жасөспірім ауруханаға жатқызылды

Шиелі ауданындағы "22 разъезд" елдімекенінің тұрғыны 28-маусымда ауыр жағдайда жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазір онымен қарым-қатынаста болған 4 адам анықталып, олар дәрігердің бақылауына алынды.

Дерт ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.