Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегінен бір әйел қайтыс болды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 37 жастағы Бидайкөл ауылының тұрғыны "конго-қырым қанды безгегі" деген диагнозбен 18-маусымда 12 сағатта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. "Аудандық аурухананың хабарламасына сәйкес, науқас 20-маусымда 17 сағат 45 минутта қайтыс болды.

Індет ошағында жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті