Қызылорда облысында күріш жинау науқаны басталды

Мамандардың болжамына сүйенсек, үстіміздегі жылы жақсы түсім алуға жағдай толық жасалды. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бас агрономы Дүйсен Жахановтың айтуынша, ендігі жерле күрішшілерге кешенді жұмыстарды бір айдың ішінде бітіру қажет. Сондай жағдайда ғана олар несиелік борыштарын уақытылы қайтарып, тұқым қорын жинай алады.

Облыс басшылығының уәдесіне сүйенсек, күріш жинау науқаны барысында астық жинайтын қырмандарда электр тоғы үзілмейді. Сондай-ақ, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары да мейлінше күшейтілген.