"Желілерді ұрлау заңсыз және адамдардың өміріне аса қауіпті. Бұл сондай-ақ сыртқы және ішкі интернетті таратудың сапасын төмендетеді. Мұндай заңсыздықтарды жасаудың басты мақсаты ақша үшін қабылдау пунткттеріне түсті металдарды тапсыру болып табылады. Заманауи технологиялар мыстан жасалған желілердің орнына талшықты оптикалық байланыс кабельдерін қолданады. Ұрлықты жасайтындар көбінесе талшықты оптикалық желілері құрамында құнды мыстың болмайтынынан бейхабар", - деп түсіндіреді Қазақстанның "Қазақтелеком" АҚ жетекші байланыс операторы .
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, талшықты -оптикалық магистральді желілердің ұрлануына байланысты қалааралық және мемлекетаралық байланыстардың сапасы төмендеді. Қызылорда облысында магистральді желілердің істен шығуына орай Қазақстанның батыс (Ақтөбе, Қызылорда, Орал, Атырау) аймақтарымен байланыс сапасы төмендеді. Сондай-ақ, Ресей, Германия бағытында және Ресейдің Орта Азия елдері арасындағы байланысы нашарлады. Интернетке шығу сапасы да төмендеді.
"Бүгінгі кезде "Қазақтелеком" АҚ байланыс желісіндегі ақаулықтарды қалпына келтіріп, жұмыстарын жалғастыруда", - деп атап өтті "Қазақтелеком" баспасөз қызметі.