Қызылорда облысында мақта тиеген вагон өртенді. Зардап шеккендер жоқ

Оқыс оқиға Сайрам ауданы Манкент бекетінен Ресейдің Текстильная бекетіне бет алған №2207 поезында 21-тамыз күні түнде Көбек станциясында болған. Өрт үш сағат ішінде сөндірілді. Министрлік ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртенген вагон Қазалы қаласына жеткізілді.