Оның мәліметтеріне сүйенсек, іс-шараны жүргізгеннен бастап 7,7 млрд теңгенің мүлігі заңдастырылған. Жергілікті атқару органдарының жанындағы мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссия 19 738 өтінішті тіркеген, олардың 18 096-ы тұрғын үйлерді заңдастыруға, 1302-і жер телімдерін, 340 адам тұрмайтын ғимараттарды заңдастыруға қатысты.
Директордың орынбасары Бақытбек Нұршатаевтің сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта 6 мыңнан астам өтініш қаралу үстінде. Мамандар өтініштердің негізгі легі іс-шараның ресми түрде аяқталуына бір апта қалғанда ағылады, деп болжауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті