"ВIS"ЖШС-нің бас директоры Ділдәхан Ахметовтың айтуынша, елімізде осы тектес станция бұған дейін болмаған. "Мұнда бір тәулікте 150 цистернаны тазартуға болады. Бұл - үш бірдей теміржол составы деген сөз",- деді ол.
Жобаның құны 1 млрд. теңгеден асады. Кешен екі жылда салынып бітті.
""ВIS" - осы бағыттағы басқа кәсіпорындардан озық технологияларды қолданатындығымен ерекшеленеді",- деді А.Ахметов.
Цистерналарды тазарту үшін әдетте бу пайдаланылады. Мұндай жағдайда ауаға зиянды заттардың тасталуынан құтылу мүмкін емес. "Цистерна 9 атмосфера қысымда жуылғаннан кейін жуынды сүзіледі. Бұдан кейін ол тазарту кешеніне жіберіліп, мұнай мен су бөлінеді. Өндірістік қалдықтар деген болмайды",- деді бас директор.
Д.Ахметовтың айтуынша, жобаның келесі кезеңінде Қызылорда облысында сапалы жанармай мен дизельдік отын өндіретін шағын зауыт салынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті