Қызылорда облысында Мұстафа Шоқайға ескерткіш қойылды

Шоқайдың туған ауылы – Сұлутөбедегі атаулы шараға облыс әкімі бастаған белгілі жазушылар мен тарихшылар қатысты. Дара тұлға ұлт тағдырының тарихи сын сәтінде тығырықтан шығар жол іздеп, талай тауқыметті бастан кешірді. Қазағының азаттығын аңсап, тәуелсіз өмір сүрудің өзгеше жолын іздеп, түркі әлеміне жол салды. Алайда Мұстафа Шоқай есімі мен шығармалары тек тәуелсіздік жылдарында дәріптеле бастады. Қоғам қайраткерінің туған ауылында, сондай-ақ, 240 орындық жаңа мәдениет үйі де ашылды. Ал тас мүсіні сол ғимараттың дәл алдына қойылған.

Loading...