"ҰҚК-нің Қызылорда облыстық және Байқоңыр қалалық департаментінің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының "а" тармақшасы (бопсалау жолымен пара алу) бойынша облыстық Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы қалалық инспекциясының аға инспекторының үстінен қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, инспектор 10 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте ұсталған, бұл ақшаны ол шартты сотталған азаматтан әкімшілік қадағалау бойынша мәселені оң шешіп беру үшін бопсалаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті