Қызылорда облысында өтетін «Ақмаңдайлым» ән байқауына «Қаратөбе» квинтеті қатыспақ

Аталмыш ән байқауының шарты бойынша «Қаратөбе» квинтеті бірінші бөлімде Роза Бағланованың репертуарынан Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың әні «Іңкәрімді» орындамақшы.

Екінші бөлімде Ескендір Хасанғалиевтің әндерінен попурри орындамақ жоспары бар.

«Қаратөбе» квинтеті биыл Оралда өткен Е.Хасанғалиев әндерін орындаушылардың дәстүрлі «Атамекен» фестивалінде бірінші орынды иеленген болатын.