Қызылорда облысында өткен қайырымдылық шарасы барысында 41 млн.теңгеден астам қаражат жиналды

Қайырымдылық айлығы Арал өңірінде осымен үшінші мәрте өткізілді. "Егер бірінші жылы 3 мыңнан астам отбасына 19 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілсе, енді ерікті мекемелер, ұйымдар мен жеке тұлғалардан 41 млн.290 мың теңге жиналды",-деп хабарлады халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар облыстық департаментінің өкілдері.

Департамент директоры Майдан Мәселееваның айтуынша, айлық кезінде 5 мыңнан астам адам көмек сұрап келген. Барлық өтініштерді қоғамдық қамқорлық кеңесі мұқият қарап шықты.

Облыс бойынша 4756 отбасына 22 млн. 976 мың теңгеге көмек көрсетілді. Атап айтқанда , 357 тұрмысы төмен отбасына азық түлік берілді, 130 отбасына көмір түсірілді. "Кей отбастарына коммуналдық қызметтерінің қарыздарын өтеп бердік",-деп атап өтті М.Мәселеева. Сонымен қатар, шара аясында жағдайы жоқ отбастарына ақысыз заңдық көмек көрсетілді.

"Менің елім-менің тірегім"қайырымдылық шарасы аяқталған жоқ. Қалған қаражат жағдайы жоқ азаматтарға қолдау көрсету жөніндегі аймақтық қорға салынады",-деді еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі облыстық департаментінің диреткоры.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті