Қызылорда облысында қираған үйлер қалыпқа келтіріліп жатыр

-Бұл Сырдария өзенінің ең жоғарғы ағысы. Дәл осы жерден Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы бітіп, Қызылорда облысының территориясы басталады. Әзірге мұз мұнда 20-25 см құрап жатыр. Сондықтан төменгі ауылдарға  әлі де, қауіпсіздік ережесін сақтауға тура келмек.

Яғни, бұл дария бойын жағалай тым жақын орналасқан 5 елді-мекенге қатысты. Көктөбе, Қожакент, Қауық, Төменарық және Жаңақорған кенті бар. Бұларды өзенмен арада небәрі 3-4 шақырым ғана бөліп жатыр. Сондықтан мұз бен еріген қар суы көбеер тұста, алдымен осы ауылдарға төнер қауіп басым көрінеді. Әсіресе, 90 түтіні бар Көктөбе жылда су астында қалудан қорқады.

Садық Тұрманов, Көктөбе ауылының тұрғыны:

- Жылда қысты күні алып жатады. Мысалы, кеше 2012 жылы Дария тасуы болды да, ауыл аман қалғанымен, тоғайды толық су алып кетті. Отын тауып жағу қиындады, бір үйден 7-8, 10-нан мал өлді. Оның шығынын ешкім өтеген жоқ, сол күйі қалды.

Бірақ мамандар ара-тұра ғана болмаса, дариядан елге қауіптің  төніп тұрмағанын айтады. Оның үстіне бұрынғыдай емес, қазір өзен арнасының барлығы биік бөгеттермен бекітілуде. Мәселен, ұзындығы 1274 шақырымға созылып жатқан Сырдарияда 73 қауіпті учаскесі бар болса, соның биыл 26-сы күрделі жөндеуден өтпек.


Бақыт Ембергенов,
Оңтүстік аймақтық жедел құтқару қызметінің жетекшісі:

-Сырдария өзенінен қазір Шардарадан жіберіліп жатқан су осы тұрғанда бүгінгі күнге 560 куб метр жіберіп отыр. Мұздың қалыңдығы кей жерлерде 12 см, кей жерлерде 25 см. Бірақ бүкіл шекараға дейін мұз басып тұрған жоқ.

Ал бұл Сырдарияның Көктөбе ағысы. Төменмен салыстырғанда мұнда күн ерте жылыйтындықтан мұздың ереуі тым жылдам. Нағыз қауіп осы маңнан шығуы мүмкін. Сондықтан мамандар мұздың жиналмай, қалыпты деңгейде еріп кетуін күндіз-түні қадағалауға мәжбүр. 

- Қыста су көп, жазда су жоқ!

Ал Жаңақорған мен кешегі Бірлікке жеткен тасқынға қарағанда, биыл апат өзеннен емес, таудан қатты төніп тұрғандай. Сондықтан, дария жағасындағы ауылдарда бөгет қатайтылып жатса, таулы аймақтарда төтенше қызметтің штабы күзетіп жүр. Зардап шеккен үйлердіңде шығыны есептелуде.