Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлады

Құзыретті органдар апаттың жағдайын анықтайды.

«Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«Тікұшақ белгісіз жағдайда құлап, толық өртеніп кетті. Бұл ұшақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне тиесілі», - деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Апаттың мән-жайлары зерттелуде.