Қызылорда облысында құны 204 млн теңгенің газ құбыры пайдалануға берілді


Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әкімдік мәліметіне сәйкес, сәрсенбі күні газ беріле бастады. Газ құбырының ұзындығы 18,6 км, құны - 204 млн теңге.
Газ құбырының құрылысы 2014 жылы мамыр айында басталып, желтоқсан айында барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары аяқталды. Қазір Красный Кордон ауылында газбен қамтуға 54 абонент қосылған, бұл жұмыс жалғасуда.