Қызылорда облысында құрт ауруына қарсы үш диспансер салуға арнап 350 млн. теңге бөлінді

Бүгінге дейін барлық ауданда құрылыс салу жұмыстарының алғашқы сатысы басталды. Диспансерлер 2004-жылы салынып аяқталады деп межеленген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлауынша, Қызылорда облысында құрт ауруына шалдығу деңгейі 2002-жылы әрбір 100 мың адамға шаққанда 162,9 науқасты құраса, 2003-жылы бұл көрсеткіш 145,3 болды.