Айта кетейік, өткен сәрсенбі күні таңғы 4 шамасында тіркемесі бар жүк мәшинесі Қазалы ауданындағы "Қарлан" учаскесіндегі қалқыма көпірден өтіп бара жатқан кезде суға батып кеткен. "КамАЗға" он тонна қара металл артылған болатын. Жүргізуші кабинадан шығып жағаға жүзіп барған.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Мұхит Ақдәулетовтың айтуынша, көлік жүргізушісі жол белгісіне көңіл бөлмеген, онда көпірден 7,5 тоннадан астам жүк алып өтуге тыйым салынатыны көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті