Екі жасар қыз ит қауып алу салдарынан Қармақшы аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 6-маусымда жатқызылған. 7-маусымда дәрігерлер оған "құтыру" деген алдын-ала диагноз қойды. Ал 8-маусымда 6 сағатта ол қайтыс болды.
Ауру ошағына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мен осы департаменттің Қармақшы аудандық басқармасының мамандары аурудың таралуының алдын алу шараларын қолдану үшін жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті