Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 2066-дан 1907-ге дейін, соның ішінде ауыр қылмыстар 7,4 пайызға (323-тен 299-ға дейін) және өте ауыр қылмыстар 6,3 пайызға (32-ден 30-ға дейін) төмендеген. Сондай-ақ Арал өңірінің жолдарындағы көлік апаттарының саны 14,3 пайызға азайған.
"Қылмыстың ашылуы 4,7 пайзға өскен,- деп атап көрсетті Асқар Исағалиев. - Бұл көрсеткіш бойынша Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті республикада аумақтық ішкі істер органдарының арасында үшінші орында".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті