Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында 8 маусымда 17 сағат 30 минутта аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына қырым -конго қанды безгегімен ауырды деген күдікпен 59 жастағы ер адам жатқызылды.
Дәрігерлер консилиумы 10 маусымда диагнозды растады, науқастың жағдайы аса ауыр. Ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.