Қызылорда облысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды

Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады. Оның ішінде, бөтен мүлікті  ұрлау қылмысы бойынша 37 дерек, тонау қылмысы бойынша 12 дерек, қарақшылық қылмысы бойынша - 1, зорлау фактісі бойынша - 3, бұзақылық бойынша - 4 және басқа да қылмыстар бойынша 13 дерек анықтаған.

Сондай-ақ, заңсыз есірткі айналымы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 20 қылмыстың беті ашылып, 12 құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, иісшіл иттердің көмегімен заңсыз айналымнан 67 кг. 680,775 гр. есірткі заты алынған.

Айта кету керек, Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығының теңгерімінде 37 қызметтік-іздестіру иттері бар.