Осындай кеңес құру жөніндегі бастаманы Арал өңіріндегі алты бейресми ұйым көтерген. Кеңеске ақсақалдар мен облысқа танымал қоғам қайраткерлері тартылмақ.
Облыстық прокуратураның мәліметіне сәйкес, 2006-жылдың 10 айында Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 110 қылмыс тіркелген. Оның 69-ын қаржы полициясы органдары әшкерелесе, 28-ін прокуратура, 9-ын ҰҚКД, 3-ін ішкі істер департаменті, біреуін облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері анықтаған.
Ал былтыр облыс бойынша осындай 106 қылмыстың беті ашылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті