Қызылорда облысында тауарлық поездың тепловозы өртену салдарынан поездардың қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қармақшы ауданында, Қорқыт Ата және Ордазы бекеттері арасындағы жол бөлігінде 30 -мамырда 15 сағат 53 минутта Ақтөбе-Алматы бағытында қатынайтын №2416 тауарлық поездың тепловозы өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқыс оқиға салдарынан поездардың қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылды. Өртті 16 сағат 10 минутта ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің күштері, 5 адам мен 1 техника және Қазалы станциясының 12 адамнан құралған өрт сөндіруші поезы сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті