Оның айтуынша, тырысқақ жұқтыруы мүмкін деген күдіктілерді ерте бастан анықтау үшін ауыл-үйлерді жаппай аралау барысында санитарлық дәрігерлер науқаспен қарым-қатынаста болған 11 адамды анықтап, олардың екеуін ауруханаға жатқызды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20-шілде, сейсенбіде Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына қала іргесіндегі Гагарин ауылында тұратын бір жергілікті тұрғын "тырысқақ" деген диагнозбен жатқызылды. Жеке меншік тасымалмен шұғылданатын облыс орталығының 51 жастағы тұрғыны "тырысқақ" деген диагнозбен жатқызылды. Бастапқы диагноз зертханалық тексерулер негізінде дәлелденді.
Науқастың жағдайы ауыр күйінде қалып отыр. 51 жастағы еркек кешенді емдеуден өткізілуде. Облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау қызметінің директоры Ерсұлтан Қуандықовтың айтуынша, "науқас ағзасынан Vibriо сhоlerае Еltоr Inаbа деп аталатын тырысқақ вирусы алынды".
Тырысқақ дертінің тіркелуіне байланысты облыс орталығында қатерлі дертті жою және ауру ошағын бір жерде шоғырландыруға профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда. Қызылордада жұмыстарды үйлестіру жөніндегі дәрігерлік штаб құрылды. Базарлар мен қаланы сумен қамтамасыз ету жүйесіне бақылау күшейтілді. Жергілікті дәрігерлерге қолғабыс көрсету үшін республикалық карантиндік және малдан жұғатын жұқпалы аурулар орталығының мамандары Қызылордаға келді. Іш ауруына шалдыққандарды жіті тексеру басталды.