Көпір Хорасан-1 және Хорасан-2 уран кен орындарын өзара жалғастыратын болады. "Жаңа көпірдің орналасуы өндірістік қажеттіліктен бұрын, әлеуметтік жағынан басымдықта болды. Облыс әкімдігі мен жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша, біз көпір құрылысын ауыстырдық", - деп мәлімдеді баспасөз мәслихатында "Қазақатомөнеркәсібі" компаниясының президенті Мұхтар Жәкішев.
Мамандар атап өткеніндей, алғаш рет ҚР көпір салу кезінде металл құрылымдарды орнықтыру барысында автономиялық дәнекерлеу тәсілі қолданылды.
М. Жәкішевтың сөздеріне қарағанда, ұлттық компания 37 шақырымдық көлік жолының құрылысын ірі бел асу негізі құрылып жатқан Кейден стансасынан көпірге дейін қаржыландырды.
2008 жылы "Қазақатомөнеркәсібі" компаниясының Қызылорда облысының әлеуметтік саласына құятын инвестициясы ұлғайтылады. Мәселен, Шиелі ауылында 280 орынды балабақша, жабық базар, стадион, жүзу бассейні, мүгедек балаларға арналған мектеп-интернат және басқа нысандардың құрылысы қолға алынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті