Қызылорда облысында вирусты сары ауруға қатысты эпидемиялық ахуал асқынып тұр

Әсіресе балалар арасында жұқпалы аурудың таралуы дәрігерлердің алаңдаушылығын туғызып отыр. Жаңа оқу жылының басынан бері вирусты сары ауруға шалдығу оқиғасы облыс орталығындағы мектептердің тең жартысында тіркелді. А.Әбдібаевтың пікірінше, сары аурудың кеңінен таралуына ауыз су сапасының төмендігі мен халық арасындағы тазалық мәдениетінің осалдығы әсер етіп отыр.