Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тапты

Лэнк Круизер Прадо мен Мерседес микроавтобусымен бетпе-бет соғылыпты. Жолаушыға лық толы қоғамдық көлік қарсы бағытпен жүйткіген дейді тәртіп сақшылары. Соққының қатты болғандығынан тас жолда адамдардың киімдері, бос құтылар, қаннан аяқ алып жүру мүмкін емес. Салдарынан 8 адам сол жерде өлсе, екеуі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған. Ал жараланғандардың алтауы аудандық, қалған үшеуінің жарақаты ауыр болғандықтан облыстық ауруханаға жеткізілді. Апаттың нақты себептерін арнайы комиссия анықтауда. Оқиғаның қалай болғанын, ажалдан аман қалғандардың өздері түсіне алмай отыр.



– Білмей қалдым қалай болғанын. Машинаның солқ ете қалғанын білдім. Еркін отыр едім ішінде.