Қызылорда облысында желдің кесірінен алып құбыр майысып қалды

Облыс әкімдігі құбырдың «Қазалы теміржолжылу» серіктестігіне тиесілі екенін түсіндірді. Сондай-ақ, екпінді жел үйлердің, мектеп пен полиция бөлімшесі ғимаратының шатырын жұлып әкеткен.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, азаматтарды сақ болуға шақырамыз

Ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше шаралар қолға алынды. Арнайы техникалар қолданылып, жылуды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деді әкімдіктегілер.