Қызылорда облысында "Жем" деп аталатын өртке қарсы күрес шарасы басталды

Оның айтуынша, өрт сөндірушілер шілде айының аяғына дейін жем-шөп пен пішеннің, сондай-ақ, астық жинау техникасының өрт-техникалық ахуалын тексеріп шығуы тиіс.

Шілде айындағы құрғақ аптап өрт сөндірушілердің алаңдаушылығын тудырып отыр. Тек осы айдың басынан бері 12 ғимарат, 20 мал мен 13 тонна пішенді өрт жалмап кеткен.
Жалпы алғанда жыл басынан бері облыс бойынша 114 өрт тіркелсе, оның 87-сі тұрғын үйлерде шыққан өрт. Шығын көлемі 5 млн. теңгеден асты.