Қызылорда облысында жер қатынастары басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

"Облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың бұйрығымен Марат Жұбатханұлы Көшеков жер қатынастары басқармасының жаңа бастығы болып тағайындалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

М. Көшеков 1976 жылы туған, Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік заңгерлік академиясын бітірген, мамандығы инженер-жер жайғастырушы және заңгер.

Ал жер қатынастары басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлыбек Жолдасбаев Қызылорда облыстық еңбек бақылауы және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры болып тағайындалды.