Қызылорда облысында жол апатынан 7 адам зардап шекті

Жол апаты Шымкент-Самара тас жолының 450-шақырымында болып, "Ауди-200" және "Мерседес" автокөліктері соқтығысып қалған. Жол апатынан 7 адам зардап шекті, олардың арасында 7 жасар жеткіншек те бар. Зардап шеккендердің барлығы да ауруханаға жатқызылды.