Мекеме ақпаратына сәйкес, Шымкент-Самара тас жолының 450-шақырымында 7-қарашада 19 сағат 10 минутта "Ауди-100" және "Фольксваген" автокөліктері соғысты. Апаттан "Ауди-100" автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында мерт болып, "Фольксваген" автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы, соның ішінде 2 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті