ТЖМ мәліметінше, 4 ақпанда "Шымкент - Самара" тас жолында 22 сағат 30 минутта "ВАЗ-21099" көлігі жолдың шетінде тұрған "ГАЗ-3308" автокөлігімен соқтығысты.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апаты салдарынан "ВАЗ-21099" жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Басқа екі жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.