Апат Шымкент-Ақтөбе автожолының 1848-ші шақырымында болды. ВАЗ-2106 автокөлігінің жүргізушісі "Мерседес" автокөлігімен соқтығысып қалған. Жол апаты салдарынан Жигули жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында мерт болды. "Мерседес" жүргізушісі мен тағы бес жолаушы түрлі дәрежелі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.