Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам мерт болды

Қайғылы оқиға Шиелі ауданында болған. Алтыншы үлгідегі "Жигули" автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмау салдарынан "КрАЗ" жүк көлігімен соқтығысып қалған. Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен оның көлігінде отырған үш жолаушы оқиға орнында жан тәслім етті.