Қызылорда облысында жол апатынан үш адам мерт болып, алтауы жараланды

Апат Сырдария ауданында Шымкент-Самара тас жолының 1776-шақырымында болған. "ВАЗ-2110" автокөлігінің жүргізушісі "Ниссан" автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан "Жигулидің" жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында опат болды. "Нисанның" жүргізушісі мен бес жолаушы, соның ішінде 4 - 13 жас аралығындағы 4 бала ауруханаға жатқызылды.