Қызылорда облысында жолдағы апаттан үш адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді

Мекеме ақпаратына сәйкес, Қызылордада Байтұрсынов пен Төле би көшелерінің қиылысында 18-қаңтарда 1 сағат 30 минутта "БМВ" автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылды. Апат салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнында опат болды. Бір жолаушы түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті