Көлік апаты Шымкент - Самара тас жолының 674-шақырымында, Қармақшы ауданының жерінде, сенбі күні 15.30-да орын алған. "Москвич-412" автокөлігінің жүргізушісі "Ауди" автокөлігімен соқтығысына себепкер болған. Жол-көлік апатының нәтижесінде "Москвич-412" автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы сол жерде қайтыс болды, "Ауди" жүргізушісі мен оның жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті