Қызылорда облысында жүк поезының цистернасынан радиоактивтік сұйықтың тамшылап тұрғаны анықталды

Ведомство атап көрсеткендей, цистернадағы отын көлемі 55 м3, ал төгілген сұйықтың көлемі 10 литр, алған ауданы 2 м2болыпты.

Хабарда айтылғандай цистерна негізгі құрамнан ағытылып, Қазалы стансасындағы апаттық тұйыққа сүйреп апарылды. Қазалы стансасының апаттық құтқару күштерімен сұйық басқа цистернаға қотарылып құйылуда.

Қоршаған орта мен халыққа ешқандай қауіп жоқ, дейді ТЖМ.